14 мамыр күні таңертең X әкесі Илон Маскпен бірге Бейжіңдегі ресми іс-шараға қатысқан. Көпшіліктің назарын оның дәстүрлі қытай стиліндегі көкшіл түсті жилеті мен қолындағы жолбарыс бейнесіндегі шағын сөмкесі аударды. Оқиға орнынан түсірілген фото және видеолар қытайлық әлеуметтік желілерде тез таралып, шетелдік платформаларда да қызу пікірталас тудырды.
Қытайлық БАҚ мәліметінше, X киген қытай стиліндегі табиғи жібектен тігілген жилет Қытайдағы « Шуй цай чу谁裁初» атты шағын дизайнерлік брендке тиесілі. Киім 100% табиғи жібектен дайындалған. Бренд өкілдерінің айтуынша, дәл осы модельдің ата-ана мен балаға арналған нұсқасы ресми сауда платформасында 970 юаньға бағаланған. Сонымен қатар бренд жеке тапсырыспен тігу қызметін де ұсынады. Ал тапсырысты орындау мерзімі шамамен 15–20 жұмыс күні.
Ал X қолына ұстаған жолбарыс пішініндегі сөмкені кей желі қолданушылары бастапқыда «айдаһар сөмкесі» деп ойлаған. Кейін оның Қытайдың солтүстік-батыс өңірлеріндегі дәстүрлі жолбарыс бас киімі мен аяқкиімінен шабыт алып жасалғаны белгілі болды.
Бұл бұйымды Қытайдың Гуанси өлкесіндегі « Я сяо ци шоучуан芽小七手创» атты жергілікті бренд шығарады. Бренд өкілдерінің айтуынша, сөмке жергілікті кестешілердің қолымен тігіледі. Қазіргі уақытта оның бағасы жеңілдікпен 338 юань.
Желі қолданушылары Масктің ұлының қытай стиліндегі образына оң баға берген. Ал Elon Musk Илон Маск әлеуметтік желідегі X парақшасында қытай тілінде жауап беріп: «Ұлым қазір қытай тілін үйреніп жүр», — деп жазды。
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға мемлекеттік сапары барысында Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізіп, оны биыл қыркүйек айында АҚШ-қа келуге шақырды.