16:34, 10 Наурыз 2021
Илон Масктың дәулеті бір тәулікте 25 млрд долларға артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаған Илон Масктың дәулеті өткен тәулікте 25,1 млрд долларға артып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұған 10 наурыздағы Bloomberg Billionaires Index (BBI) деректері дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпарат.