ИМ лаңкестері Түркияға сес көрсететін видео жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» содырлары Түркия мен Мосулға шабуыл жасаған коалиция күштеріне айбат шеккен видео жариялады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Желіде «Ислам мемлекетінің» басшысы Әбу Бакр әл-Бағдадидың жолдауы пайда болды. Ол Түркияны «дінсіздердің одақтасы» деп атап, оған шабуыл жасауға шақырады, деп жазды РБК.

Одан бөлек, хабарламада Мосулға шабуылдаған коалиция қатысушыларына да сес көрсетіп, Мосул мен Ниневия провинциясының тұрғындарын ИМ маңына бірігуге шақырады. Reuters агенттігінің жазуынша, бұл мәлімдеме Ирактың солтүстігін азат ету операциясы басталғалы лаңкестер басшысының алғаш рет  шығуы. Соңғы айда әл-Бағдадидың орналасқан жерінің бірнеше нұсқасы болды. Fars агенттігі Ирактағы дереккөздерге сүйеніп, лаңкестер басшысының ауыр жараланып, көп ұзамай қайтыс болғанын хабарлаған еді. Бұл тақырыпқа мәлімдеменің болмауын ұйым жақтастарының қашып кетуіне жол бермеу үшін содырлардың өз көшбасшыларының өлімін хабарлағысы келмеуімен түсіндірілді. Өзге нұсқа бойынша, әл-Бағдади Мосулда жасырынып отыр немесе содырлар өздерінің астанасы деп санайтын Ракка қаласына қашып кетуі мүмкін.