Атап айтқанда, провинция губернаторы Хаджи Галиб базалық бөлімшесі Ирак пен Сирия аумағында қызмет ететін «Ислам мемлекеті» ұйымы округ аумағына өз түрмелерін салып үлгергенін хабарлады. Бұл ретте радикалдар 150-ге жуық адамды кепілде ұстап отыр, олардың ішінде жергілікті дін қызметкерлері, ру басылары мен үкімет шенеуніктері бар.
«Менде «Даиш» («Ислам мемлекетінің» арабша атауы) соңғы төрт айда 600-ге жуық бейбіт тұрғынды өлтіргенін растайтын тізім бар», - деді Х. Галиб және содырлар округтерді жас қыздарға күшпен үйленіп жатқанын қосты.
Осылайша, «Тола» телеарнасының журналистері Нангархар провинциясының Ачин округі «Ислам мемлекетінің» Ауғанстандағы басты тірегі деп санайды.
Осы жылы 11 шілдедегі ауғандық барлау деректеріне сүйенсек, Ачинда әуе соққысынан Пәкістан Техрик-и-Талибанның бұрынғы көшбасшысы Саид пен оның жанындағы 30 содыр ажал құшқан. Саид пен оның жақтастары өлгенге дейін Ислам мемлекетіне адал болуға ант берген. «Толо» телеарнасы да өздерін «Даиштік» санайтын содырлар Нангархар провинциясы Пачир Агам округінде бірқатар үйлерді өртеп жібергенін көрсеткен.