ИМ содырлары Б. Обамаға қоқан-лоққы жасауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекетінің» содырлар топтары АҚШ президентін жоқ қылып, Құрама Штаттарды мұсылман провинциясына айналдыруға қоқан-лоққы жасауда, делінген Таяу Шығыстың масс-медиасын зерттеу институты таратқан бейнежазбада.

«Обама, біліп қой, біз Америкаға да жетеміз. Сондай-ақ біліп қой, біз Ақ үйде сенің басыңды кесіп, Американы мұсылман провинциясына айналдырамыз», деген қара бетперде киген «Ислам мемлекетінің содыры».

Сонымен бірге, лаңкес Франция мен Бельгияны да қорқытып-үркіткен. Бейнежазба күрд сарбазының басын шауып жатқан кадрлармен аяқталады.

Мәлімдеме өткен жылы жазда содырлар басып алған ирактық Мосул қаласы көшелерінің бірінде жасалған.

Құрама Штаттар Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» топтарымен күрес жөніндегі халықаралық коалицияны басқаруда. Өздерінің күресінде Вашингтон күрд жасақтарының сарбаздарына арқа сүйеуде, олар бұдан үш күн бұрын АҚШ Әскери Әуе күштерінің қолдауымен түрік шекарасы маңындағы сириялық Айн әл-Араб (Кобани) қаласын толық қолдарына алды.