Агенттік ақпаратынша, лаңкестер қала маңындағы кварталдарда, сонымен қатар, қала маңындағы елді мекендерден адамдарды тұтқынға алған. Тұтқындағылардың арасында балалар мен әйелдер бар. Содырлар тұтқындарды бақылауларындағы аумаққы алып кеткен.
«AFP» хабарлағандай, «ИМ» содырлары Дэйр-эз-Зордегі Сирия қарулы күштерінің позицияларына шабуыл жасады. Олар Дамаскіден 430 шақырым жерде орналасқан. Дэйр-эз-Зордегі қарулы қақтығыстан 335 адам жапа шекті, оның ішінде бейбіт тұрғындар да бар.