ИМ содырлары Сирияның шығысындағы аурухананы бірнеше сағатқа басып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» экстремистік топ содырлары Сирияның шығысындағы Дайр-эз-Заур қаласында аурухананы бірнеше сағатқа басып алды, деп хабарлады Би-би-си.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қақтығыста шамамен 35 үкіметтік жауынгер мен ИМ-нің 20-дан астам содыры қаза тапты. Бірнеше медицина қызметкері тұтқынға алынды.

Британияда орналасқан адам құқықтарын бақылау бойынша Сириялық орталықтың мәліметтеріне сәйкес, үкіметтік әскер бірнеше сағаттық қақтығыстан кейін аурухананы бақылауды өздеріне қайтарып алды. Алайда тұтқындардың жағдайы жайлы мәлімет жоқ.

"Ислам мемлекеті" Дайр-эз-Заур қаласының жартысынан астам бөлігін өз бақылауында ұстап отыр және оны толық басып алуға тырысып жатыр.