NTV телеарнасының хабарлауынша, атыс сириялық аумақтан жүргізілді. Түркияның шекарасы маңындағы сириялық Азез қаласында жергілікті қарулы құрылымдар мен ИМ содырлары арасында ұрыстар жүріп жатыр, деп хабарлады ТАСС.
Соңғы кезде қақтығыстар Азез маңына ауыстырылып, қиян-кескі шайқасқа айналды. ИМ бақылауындағы осы деревнялардың бірінде Түркияның полицей учаскесіне оқ жаудырды. Ол сириялық аумаққа жақын жердегі Килис провинциясында Явузли деревнясына орналасқан.
Телеарнаның хабарлауынша, шабуылдан кейін әскерилер оқ жаудырылған ауданды анықтап, артиллиериялық жаппай атыстың астына алды.