деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуді ашқан университеттің проректоры Дихан Қамзабекұлы Мәуліт айының маңыздылығы мен жалпы ислам дінінің қоғамдық рөліне тоқталды. «Біз, қазақ халқы 2,5 ғасыр бойы отаршылдықта болған елміз. Бұл - кез келген ұлттың тарих сахнасынан жоғалып кетуіне әкеліп соқтыратын кезең. Бірақ біз өз ұлттығымызды сақтап қалдық. Себебі иманымызды шүберекке байлап отырып, ұлттық болмысымызды осы күнге дейін жеткіздік. Сол кездері мешіттің атқарар қызметі зор болды. Білім де, ғылым да, дін де сол жерде шоғырланды. Ал қазіргі кезде оның бәрі бөлінсе де, имандылықтың бастауы - мешітті ұмытпау қажет», - деді өз сөзінде Д.Қамзабекұлы.
Жиын барысында «Нұр Астана» мешітінің имамдары Мәуліт айының мән-мағынасы туралы баяндады. Сондай-ақ іс-шара барысында жас ақындардың орындауында хадистер оқылып, Мұхаммед пайғамбарымыз соңғы өсиеттеріне арналған деректі фильм көрсетілді.