«Grammy сыйлығы, аудиоплатфоралардағы миллиардтаған тыңдалым және әлемдік музыкалық компаниялармен, лейблдармен келісімшарттар. Рэпер Saint Jhn-нің Roses трегіне жасаған ремиксы биыл әлемнің түпкір-түпкірінде қойылған қазақстандық диджей әрі продюссер Иманбек Зейкенов үшін бұл бастамасы ғана екендігіне сенімдіміз», - деп жазады басылым .
Еске сала кетсек, осы жылдың мамырында Иманбек Зейкенов АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды. Одан бөлек, қазақстандық музыкант биылғы жылдың наурыз айында музыка саласында ең беделді Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.