Иманбек Зейкенов бұл туралы ақпаратты өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Латын электронды музыкасының үздік орындаушысы» аталымы бойынша «Ella Quiere Techno» трегіне әнші Taichu-дың ремиксі таныстырылды.
Осы аталым бойынша тағы 4 трек таласады. Жеңімпазға дауыс беру 1 қазанда басталады. Ал «Латын грэммиі - 2025» сыйлығын табыстау рәсімі 13 қарашаға жоспарланған. Салтанатты рәсім Лас-Вегаста өтеді.
Айта кетейік, Иманбек Зейкеновтың (Imanbek) әнші Saint Jhn-дің трегі бойынша шығарған ремиксі «Грэмми» сыйлығын 2021 жылдың наурызында жеңіп алған еді.
Кейінірек, яғни 2021 жылдың мамырында Иманбек Billboard Awards марапатына ие болды.