Иманбектің жаңа бейнеклипі шықты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Grammy иегері Иманбек Зейкенов YouTube-каналында жаңа бейнеклип жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Америкалық әнші Salem Ilese-пен бірге түсірген клип Married to your melody деп аталады.


Иманбек Зейкенов пен Salem Ilese бірігіп жазған Married to your melody композициясы 9 сәуірде ғана көпшілікке таныстырылған болатын. Араға 13 күн салып композицияның бейнеклипі жарияланып отыр.

Еске салсақ, осы айдың басында қазақстандық диджей әлемдік турын бастайтынын хабарлаған еді.

Ол тур 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт беру жоспарланып отыр. Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт береді.