Иманбектің өңдеуіндегі «РУХ» бейнеклипі бір күнде 17 мыңнан астам көрілім жинады

Фото: Фото: Иманбектің әлеуметтік желісінен

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестріне қарасты «ABYROY» тобы «РУХ» бейнебаянының тұсаукесерін өткізді. 

Бейнеклип ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Youtube платформасындағы @sgork_official парақшасында жарияланды.

Патриоттық туындыда Қазақстанның арнаулы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы бейнеленген. Әнін Жанболат Әділов, сөзін Рүстем Арсланов жазған. Композицияны өңдеуге павлодарлық саунд-продюсер Иманбек Зейкенов те атсалысқанын атап өткен жөн.

Жауынгерлік рухты шақыратын бейнеклипті бір тәуліктің ішінде 17 мыңнан астам адам көріп үлгерді.

Еске сала кетейік, Иманбек екі құрлықтың музыканттарымен ән жазды.