Демалушылар резеңке қайықпен көлде болған. Қатты жел мен биік толқын салдарынан қайық аралға қарай ығысып, нәтижесінде олар өздігінен жағалауға қайта алмаған.
Ер адамдар құтқару кеудешелерін киіп, жағалауға өз беттерінше жүзіп жетуге шешім қабылдаған. Алайда олар өз күштері мен ауа райы жағдайын дұрыс бағаламаған. Қатты жел мен толқын суда қозғалысты едәуір қиындатқан.
— Оқиға туралы хабарлама алған құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына барып, төрт адамның барлығын жағалауға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Іле Алатауында туристік топқа ілбіс жолыққанын жазғанбыз.