«Біз туризмді өңір экономикасын дамытудың маңызды бөліктерінің бірі ретінде қарастырамыз. Біздің өңіріміздегі туристер үшін ең тартымдысы - бұл Солтүстік Қазақстанның маржаны саналатын Имантау-Шалқар курортты аймағы», - деді ол.
Өңір басшысының айтуынша, ол жерге емдік қасиеті бар, су таза Шалқар мен Имантау көлдері орналасқан.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Имантау-Шалқар курортты аймағын дамытудың жеке жоспары әзірленіп жатыр. Астана, сонымен қатар Ресей Федерациясы өңірлері бағытындағы автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтті», - деді Құмар Ақсақалов.
Фото: qazaqtimes.com