Импортталған мал басы арқылы тауарлық ірі қараның генетикасы жақсартылады - «ҚазАгро» холдингі
А. Мамытбеков еліміздегі ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын іске асыру басталатынын айта келе, «жобаны қаржыландыру талабының жылдық көрсеткіші 6 пайызды құрайды және ол 7 жылға дейін ескерілген. Атап айтқанда, аналық ірі қара мал басы сатып алынады және жеңілдетілген талаптармен олар фермерлік шаруашылықтарға лизингпен беріледі»,-деді.
Оның пайымдауынша, бұл шаралар өз кезегінде фермерлерге бір мезгілде аналық мал басын көбейтуге мүмкіндік береді.
«ҚазАгро» холдингі басшысының сөзіне қарағанда, жоба аясында фермелердің жайылымдарына, тәжірибесіне тыңғылықты көңіл бөлінбек.
«Асыл тұқымды ірі қара бұдан бұрын жоспарланған көлемде, яғни 72 мың бас көлемінде сатып алынатын болады. Сонымен қатар елдегі жергілікті асыл тұқымды ірі қараның да әлеуетіне назар барынша аударылады. Алайда, бұл мал басы жеткіліксіз»,-деді А. Мамытбеков.
Оның айтуынша, сырттан әкелінетін мал басы бұл жобадағы шамалы ғана құрамдас бөлікті алып жатыр. «Жобаның негізгі бөлігі тауарлық мал санын арттыруға бағытталып отыр. Себебі, сырттан жеткізілген асыл тұқымды ірі қара бірден етке жіберілмейді ғой. Атап айтқанда, бұл импортталған мал басы арқылы тауарлық ірі қараның генетикасы жақсартылады»,-деді «ҚазАгро» холдингінің басшысы