Бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Кеден одағына кірген соң импорттық баж салығының өсуі ішкі бағалардың біршама ұлғаюына әкеледі. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып жатқандығына тоқталған министр: «Алайда, инфляцияның күтілімі айтарлықтай жоғарылатылған деп санаймын. Алдын ала сараптама импорттың қымбаттауы инфляцияның деңгейіне шамалы ғана әсер ететінін көрсетіп отыр. Мәселен, инфляция шамамен 0,5-0,7 пайыздық пунктерге ғана көтеріледі деп санаймыз», деді.
Оның айтуынша, еліміз оларды отандық өнімдермен алмастыра отырып, импорттық өнімдердің үлесінің төмендеуіне қол жеткізетін болса, инфляцияның өсімі бұдан да төмен болуы мүмкін.