Ширек финалда 81 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Әділбек Ниязымбетов үш раунд бойында қытайлық қарсыласынан басып түсіп, 3-0 есебімен оны тізе бүктірді. Тоқтала кететін жайт, енді жартылай финалда оның қарсыласы Иранның үздік боксшысы Дүниежүзілік бокс сериясындағы қазақстандық «Астана Арландары» клубында өнер көрсететін Эхсан Рузбахани болып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін 52 келідегі Ілияс Сүлейменов пен 69 келі салмақ дәрежесіндегі Данияр Елеусінов жартылай финалға жолдама алған болатын.
Ендігі кезекте жартылай финалға шығу үшін қазақстандық Біржан Жақыпов (49 келі), Қайрат Ерәлиев (56 келіге дейін), Жәнібек Әлімханұлы (75 келіге дейін), Антон Пинчук (91 келі) және Иван Дычколар (91 келіден жоғары) рингке шығатын болады.