Оның айтуынша, Әділбек өзіне сенімді болып, қарымта шабуылдар әдісін ұтымды қолданды. Келесі кезеңде Әділбек Қытай боксшысы Джанг Аолинмен қолғап түйістіреді. Ол Ахмад Алфадхиді техникалық нокаутпен жеңген болатын.
14:19, 26 Қыркүйек 2014
ИНЧХОН-2014: Әділбек Ниязымбетов алғашқы жекпе-жегінде сириялық боксшыны тізе бүктірді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Инчхон қаласында өтіп жатқан Азияда ойындарында Қазақстан боксшысы, Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов турнирдегі сайыстарын бастады. Алғашқы жекпе-жегінде (1/8 финал) ол сириялық боксшы Хоссаун Елдинді 3:0 есебімен жеңді. Бұл туралы Инчхондағы «ҚазАқпарат» оқырманы, спорт сарапшысы Асқар Ағатаев (фотоларды түсірген автор) хабарлады.