ИНЧХОН-2014: Алексей Луценко Қазақстан қоржынына тағы бір алтын салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инчхонда өтіп жатқан Азиада ойындарында бүгін қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко 42 шақырым қашықтықты 50 минут 28 секундта жүріп өтіп, алтыннан алқа тақты, деп хабарлады sports.kz.

Ал, күміс медальға қырғыз спортшысы Евгений Ваккер ие болса, ирандық Хосейн Асқари қола медальға қол жеткізді.