57 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық сайыста солтүстіккореялық Хак Джин мен қазақстандық Расул Қалиев белдесті. Өкінішке орай КХДР спортшысы 3:1 есебімен басым түсті, Қалиевте - «күміс».
Ал, әйелдер құрамасында «қола» үшін болған бәсекеде 48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Татьяна Аманжолдың мерейі үстем болды. Ол тай спортшысы Маливан Муангпорды 4:0 есебімен сүріндіріп, Азиададағы біздің құрама қоржынына 37-ші медальді салды.