ИНЧХОН-2014: Боксшы Қ.Ералиев жартылай финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында 56 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Қайрат Ералиев қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ширек финалдық кездесуде иорданиялық Мохамм Альвадимен қолғап түйістірген әлем чемпионатының қола медаль иегері қазақстандық Қ.Ералиев барлық раундта да қарсыласынан басым түсті. Енді ол 2 қазанда өтетін жартылай финалда оңтүстіккорейлік Сангминг Хаммен кездесетін болады.