Ширек финалда отандасымыз моңғол Тувшинбат Буямбаны 3:0 есебімен тізе бүктірді, - деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясынан.
Енді алдағы 2 қазан күні өтетін жартылай финалда бокстан 2013 жылғы Әлем чемпионы Данияр Елеусінов 2009 жылғы Азия чемпионы түркіменстандық Сердар Хұдайбердиевпен кездеседі. Ол өз кезегінде ирандық боксшы Амин Гассемиден басым түскен болатын.
Бүгін ширек финалда тағы бір қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов (81 кг) шаршы алаңға шығады.