91 келіден жоғары салмақ санатында ел намысын қорғаған Иван Дычко үндістандық Кмар Сатиштің финалға шығуына еш мүмкіндік бермеді. Шаршы алаңда ширақ қимылдаған қазақстандық боксшының әлеуетін анық байқаған төрешілер 3:0 есебмен жеңісті Иванға берді. Енді ертеңгі өтетін шешуші айқаста И.Дычко ирандық Ясем Делаваримен жұдырықтасатын болады.
Айта кетейік, бүгін І.Сүлейменов, Д.Елеусінов және Ә.Ниязымбетов ақтық сынға жолдама алған болатын. Ал түстен кейін Б.Жақыпов, Қ.Ералиев, Ж.Әлімханұлы және А.Пинчук финалға шығу үшін шаршы алаңға көтерілетін болады.