АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында аса ауыр салмақта шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Иван Дычко қарсыласын нокаутқа жіберді. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
91 келіден жоғары салмақ санатында жарыс жолына шыққан И.Дычко қарсыласы моңғол боксшысы Энхбаяр Батмкунхты айқын басымдықпен жеңді. Ол алғашқы раундтың өзінде-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.
И.Дычко 2 қазан күні өтетін жартылай финалдық кездесуінде үндістандық Кумар Сатишпен жұдырықтасатын болады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.