Еске сала кетейік, осыған дейін бұл спорт түрінен Инна Клинова Қазақстанға Азиаданың он үшінші медалін әкелген еді. Ол 200 метрге байдаркада жалғыз есуден 40,638 аралықты бағындырып, Азиада чемпионы атанды. Мұнда «күмісті» қытайлық Ю Чжоу жеңіп алды. Ал «қоланы» ирандық Арезу Хакимимогаддам ұтты.
Осылайша, Қазақстан қоржынына Азиаданың 15-ші алтын медалі түсті.