ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев ширек финалға шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында бокстан 1/8 финалдық кездесулер басталды.

Бокстан 2013 жылы өткен Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Қайрат Ералиев (56 кг) шаршы алаңға шықпай-ақ келесі айналымға жолдама алды. Өйткені оның қарсыласы катарлық Джомах Арбаби ринге шықпай қалды.

Енді Қайрат ширек финалда иорданиялық Мохаммад Альвадимен қолғап түйістіреді. Альвади өз кезегінде тәжік Асрор Вахидовты тізе бүктірген еді.

Көп ұзамай, Әділбек Ниязымбетовтің (81 кг) сириялық Элдин Госсунмен кездесуінің нәтижесі белгілі болады.

Ал түстен кейін сағат 16:00-де тағы бір қазақстандық боксшы Антон Пинчук (91 кг. дейін) қырғызстандық Сергей Паренкомен жекпе-жекке шығады.