ИНЧХОН-2014: Мамед Ибрагимов Қазақстан қоржынына 19-шы қола медальді салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық палуан Мамед Ибрагимов Инчхонда өтіп жатқан Азиадада қола медальға қол жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

97 келі салмақта қола медаль үшін белдескен спортшымыз қарсыласы үндістандық Сатьварт Кадьянды 3:0 есебімен ұтып, ел қоржынына 19-шы қола медальді салды. Осымен қазақстан спортшыларының қанжығасында 9 алтын, 10 күміс бар.