Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында еліміздің командасы Өзбекстан құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бастапқы матчта қазақстандық Александр Недовесов қарсыласы Фаррух Дустовтан басым түсті. Екінші матчта Михаил Кукушкин Денис Истоминге есе жіберіп алды (6:4, 3:6, 4:6). Шешуші жұптасып ойнау додасында Андрей Голубев пен Александр Недовесов өзбекстандық Дустов пен Истоминді жеңді. Енді финалдық ойында біздің құрама Қытай мен Жапония арасындағы матчта жеңімпаз атанған командамен кездеседі.
16:28, 23 Қыркүйек 2014
Инчхон-2014: Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарында алғаш рет финалға өтті, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.