ИНЧХОН-2014: Ж.Шекербекова мен әлемнің 5 дүркін чемпионы М.Ком Азиада алтынын сарапқа салады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында боксшы Жайна Шекербекова ақтық сынға жолдама алды. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

51 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан спортшымыз жартылай финалда Моңғолияның былғары қолғап шебері Нандинтцетцег Мьягмардуламды 3:0 есебімен қапы қалдырған болатын.

Ж.Шекербекованың ертең өтетін финалдық кездесуі қиын болатын түрі бар. Өйткені, дәл осы салмақ санатында ақтық сынға әлемнің 5 дүркін чемпионы үндістандық Мэри Ком да шығып отыр. Ол жартылай финалда вьетнамдық Банг Леден басым түскен еді.