Инчхондағы бірінші жарыс күнінде жеңісті жолды бастап берсек деген тілегім бар - Елдос Сметов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР дзюдо Федерациясы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын Ұлттық құрама мүшелерінің тізімін жариялаған болатын. Соның ішінде 60 келі салмақ бойынша Елдос Сметов те бар. «Жас өркенге» берген сұхбатында спортшы жарыс алдындағы өз тілегімен бөліседі.

«Бүгінге дейін қазақ дзюдошылары Азия ойындарында алтын алмады. Осы қағиданы бұзып, Инчхон төрінде еліміздің көк байрағын желбіретсем деймін. Бұл - менің ізгі арманым. Бірінші жарыс күнінде Азамат Мұқанов та шығады. Екеуміз жігіттерге жеңісті жолды бастап берсек деген тілегім бар», - дейді Е.Сметов.

Еске сала кетейік, Азия ойындары 19-шы қыркүйек және 4-ші қазан аралығында өтеді.