«Атырау облысы аумағында өтіп жатқан «Қыстақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде индерлік қызметкерлер Индербор кентіне кіреберіс тасжолда УАЗ автокөлігін тоқтатқан.
Тінту барысында киіктің 4 мүйізін, оның бұтарланған етін және аңшы қаруын тәркілеген», - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Аталған фактіге қатысты 1974 және 1972 жылдары туған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.