АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Индиан-Уэллс (АҚШ) ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады.
Жарыстың 10-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемдік рейтингіде 117-орында тұрған, іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, аустралиялық Ринки Хидзикатамен кездесті.
Бірінші партияда тай-брейкте Бублик басым түсті – 7:6 (7:3). Алайда бұдан кейін Хидзиката камбэк жасай білді – 7:6 (7:3), 6:3.
Екі сағат 36 минутқа созылған тартысты бәсекеде Бублик 19 эйс жасай алды. Хидзиката 8 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Р.Хидзиката ширек финалға шығу үшін әлемнің 29-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэмерон Норримен таласады. Осылайша, Индиан-Уэллс турнирінде әйелдер арасында Елена Рыбакина мен Анна Данилина (жұптық сын) қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жеңіс саны жөнінен әлемде көш бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Анна Данилина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).