Индианада ұшақ тұрғын үйге құлады, адам шығыны бар

None
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Американың Индиана штатында екі адам авиаапаттың құрбандары болды, деп хабарлады Утро. ру.

«Бичкрафт Премьер I» жеңілмоторлы реактивті ұшақ Саус-Бенд қаласының әуежайы аумағындағы тұрғын кварталға құлады. Қаза болған екі адам ұшақтың бортында болды.

Ұшақ құлаған жерден жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне үш адам жеткізілді. Олардың біреуі аса ауыр халде.

Ұшақ Оклахома штаты, Тулса қаласының әуежайынан ұшып шыққан, деп хабарлады федералды авиациялық басқарманың өкілі Роланд Хервиг. Алдын ала болжам бойынша, көкте әуе кемесінде «механикалық проблемалар» туындады.