Сенбіден жексенбіге қараған түнде Үндістанның оңтүстігіндегі Карнатака штатында отшашарлар сататын дүкенде өрт болып, 14 адам қаза тапты және бірнеше адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметті жергілікті полиция растаған.
Оқиға аталған штаттың Бангалор әкімшілік аумағындағы Аттибеле ауданында болған.
Жапа шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілген. Қаза болғандардың көбі — сол дүкеннің қызметкерлері.
Полиция қазіргі сәтте олардың жеке тұлғасын анықтау жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді.
Дүкеннің иесі мен жердің егесі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзды деген айып тағылды.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.