Индонезия 1000 палестиналықты уақытша қабылдауға дайын

Фото: Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Индонезия президенті Прабово Субианто алғашқы этапта жараланғандарды қосқанда 1000-ға жуық палестиналықты уақытша қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп жазды Анадолы. 

— Біз жараланғандарды қабылдауға және оларды тасымалдау үшін ұшақтар жіберуге дайынбыз, — деді Индонезия президенті.

Antara News сайтының хабарлауынша, Прабово әуежайда Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Мысыр, Катар және Иорданияға сапарының алдында осындай мәлімдеме жасаған. 

— Біз жараланғандарды қабылдауға әрі оларды тасымалдау үшін ұшақ жіберуге дайынбыз, — деді Индонезия президенті. 

Оның айтуынша, Индонезия бірінші кезеңде жаралыларға басымдық беріп, 1000-ға жуық палестиналықты қабылдамақшы. 

Субианто бұған қоса палестиналықтар сауығып кеткенше елде уақытша қала алатынын айтты. 

— Әуелі, біз барлық тараптың келісімін алуы керекпіз. Сол себепті мен аймақ басшыларымен кездесу өткіземін, — деді Индонезия президенті.

Бұл жоспар Палестина билігімен талқыланады, деп қосты ол.

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың жалпы саны 50 810-ға, жараланғандар саны 115 688-ге жетті.

Бұған дейін хабарланғандай, Газада 60 мыңдай баланың дұрыс тамақтана алмауына байланысты денсаулығы мәз емес.