Антара агенттігі Джоко Видодоның «2018 жылғы Азия ойындарына дайындалып, өткіздік. Сондықтан біз келесі Олимпиаданы да қарсы алуға дайынбыз»,-деген сөзін келтіреді.
Президенттің сөзінше, халықаралық деңгейдегі спорт мамандары Жакарта мен Палембангте өтіп жатқан жарыстарға дайындықты жоғары бағалады.
ХОК президенті Индонезияның 2032 жылғы Олимпиаданы өткізу құқығына ие болу мүмкіндігінің өте жоғары екендігін айтты.Қатысушылары мен өтетін жарыстарының саны жағынан Олимпиададан кейінгі екінші орында тұрған Азия ойындары Индонезияда 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтпек. Оған әлемнің 45 елінен 16 мың спортшы қатысып жатыр.
2020 жызғы Олимпиада ойындары Токиода, 2024 жылы - Парижде, 2028 жылы - Лос-Анджелесте өтеді.