Бұл байқаудың басты айырмашылығы шариғат талаптарына сай өткізілетін болады. Байқаудың аты ағылшын тілінде «Muslimah world» деп аталып, жақында Индонезияның астанасы Джакартада өткізіледі, деп хабарлады muftyat.kz.
Байқаудың ұйымдастырушысы Эки Шанти өзінің сұхбатында былай деп мәлімдеді: «Біз бұл байқауды «Әлемнің аруы» атты байқауына жауап ретінде ұйымдастырдық. Әйел адам діншіл, сұлу, сабырлы, сыпайы, нәзік, үлгілі болу керек қой. Сонымен қатар, мұсылман әйел дін мен қазіргі өмірді бірге тұтас байланыстыру мүмкіншіліктерін әлемге көрсетуі тиіс. Осы арқылы біз байқауларды шариғат заңдарын бұзбай-ақ, ашық-шашық киінбей де өткізуге болады деген оймен өткізейік деп жатырмыз. Болашақта балаларымызға осы байқаулар арқылы таңдау жасауға еркіндік береміз. Ашық киініп жүрген қыздар жақсы ма, әлде мұсылманша әдемі де әсем киінген қыз жақсы ма? Болашақта жас ұрпақ дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз».
«Muslimah world» байқауына Иран, Малайзия, Бруней, Бангладеш, Нигерия мен Индонезия елдерінің өкілдері қатысады. Тікелей кастингке қатысқан 500 адам арасында ең керемет деген 20 қатысушы іріктеп алынды. Байқау талаптарына сай, әр мұсылман қыз Құран Кәрімді еркін оқи отырып, орамал тағу жолына қалай келгенін айтып беретін болады.