Дегенмен әзірге Индонезия астанасының елдің қай өңіріне көшірілетіні анық емес.
Айта кеткен жөн, Индонезия Малай архипелагында және жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқан мемлекет. Халқының саны 242 миллионнан астам. 5 ірі және 30 кішігірім арал топтары (барлығы 17 508 арал) кіретін бұл жер дүниежүзінің ең үлкен архипелагы болып есептеледі.
Астанасы - Джакарта. Мұнда 9,5 млн адам тұрады.
Индонезия аралдарының көпшілігі таулы-орманды. Аралдардың көпшілігі сеймикалық қауіпті зонаға жатады. Өте жиі жер сілкіністері, әсіресе Суматра мен Ява аралдарында тіркеледі. Астананы ауыстыруға алдымен осы жағдай әсер еткен болуы керек.