Индонезия астанасында лаңкестіктен қаза тапқандар мен жараланғандар саны артып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия астанасы Джакартада таяуда орын алған лаңкестік салдарынан жараланғандар саны 26-ға, қайтыс болғандар 7 адамға жетті, деп мәлімдеді астаналық полиция басшыларының бірі Мушафик (Musyafak).

"Бүгін таңертең маған зардап шеккен адамның бірі Permata Hijau ауруханасында ем қабылдап жатқанын хабарлады", - деген полицейдің сөзін келтірді Kompas газеті.

Бұдан бұрын кемінде 24 адам жараланғаны жайлы хабарланған (Австрия, Германия, Нидерланды азаматтарын қоса алғанда).

Бейсенбі күні индонезиялық астананың орталығында Джакартаға жақын Sarinah сауда орталығының маңында жарылыс сериясы орын алды. Оның маңында қонақүйлер, елшілік, кеңселер орналасқан. Жанкешті лаңкес алдымен Starbucks дәмханасында өзін жарып, ал сыбайластары шығаберісте дәмханадан қашқан адамдарға қарсы оқ атқан. Бірнеше минуттан кейін бір жанкешті полиция постына жақын жерде өз-өзін жарып жіберді. Осыдан кейін полицейлер мен содырлар арасында атыс жалғасты.

Фото: https://russian.rt.com