Индонезия әуежайының шатыры жолаушылардың үстіне құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиядағы Супади әуежайында өздерінің рейстерін күтіп отырған жолаушылардың үстілеріне шатыр құлады. Бұл оқиға әуежайдың бейнекамырасына түсіп қалған, деп жазады ria.ru.

Бейнекамераға түсіп қалған көріністен шатыр құлаған тұста жолаушылардың жан-жаққа жүгіре жөнелгендері айқын көрінеді.

Осы оқиғаның салдарынан 5 адам зардап шекті, деп жазды Jakarta Globe. Олардың барлығына да тиісті медициналық көмектер көрсетілді.

Осы уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.