Индонезия билігі AirAsia ұшағын іздестіру жұмыстарын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық құтқарушылар AirAsia компаниясының лайнері апатынан қаза тапқандардың мәйіттерін іздеу шарасын аяқтағанын хабарлады, деп жазды ТАСС.

Еске сала кетейік, ұшақ өткен жылдың желтоқсанында Яван теңізінде апатқа ұшыраған.

Алайда, Jakarta Post газетінің электронды нұсқасы хабарлағандай, кей жұмыстар 2 аптадай жалғасатын болады.

Ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің басшысы Бамбанг Соэлисти 3 наурызда шараның өту барысы мен тергеу жұмыстары туралы ақпараттандыру үшін жолаушылар және экипаж мүшелерінің туыстарымен кездеседі.