Индонезия билігі маймылдарды құтқаруға кірісті

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Индонезияның астанасы Джакартада губернатордың бастамасымен маймылдарды қолға үйретушілерге қарсы күресуде ауқымды рейдтер өткізіле бастады.

Жергілікті БАҚ-тан хабарлағандай, қолға үйретушілер жануарларды аяусыз пайдаланып, олардың денсаулығына көңіл бөлмейтін көрінеді. Осы науқанның аясында 21 маймыл карантинге алынды.

Билік 2014 жылдың басына қарай көшелерді үйретілген жануарлардан тазартпақшы, деп хабарлады RT.