Табиғи апаттың алдын алу жөніндегі ұлттық агенттік 164 адамның қаза тапқанын айтады. Ал ұлттық іздеу және құтқару агенттігі 226 адам мерт болды деп ақпарат беріп отыр. Қарулы күштердің ресми өкілдерінің берген мәліметі бойынша, қаза тапқандар саны - 381.
Табиғи апаттардың алдын алу жөніндегі ұлттық агенттіктің өкілі Сутопо Нугрохоның айтуынша, мәселе өте ауыр болғандықтан, жіті бақылауды қажет етеді.
Еске салайық, Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жексенбі күні Ломбок аралында 6,6 балдық жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Матарам қаласынан (319 мың тұрғыны бар) солтүстік-шығысқа қарай 49 шақырым жерде орналасқан. Зілзала ошағы - 10 шақырым тереңдікте жатқан.
Бұған дейін Индонезиядағы апат құрбандарының саны 347-ге жеткені хабарланған еді.