деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Бұдан былай Индонезияға тұмау шыққан елдерден келгендердің әрқайсысы (бүгінгі күні олардың саны -120) медициналық маска киіп жүруге міндетті. Олар барлық бақылау-өткізу пункттерінде тегін таратылады. Сонымен қатар, барлық жолаушылар міндетті түрде термалдық сканерлеу ресімінен өтуі және денсаулығының жай-күйі туралы декларация толтыруы тиіс.