Индонезия: Көшкін салдарынан 100-ден астам адам із-түзсіз жоғалды
10:17, 13 Желтоқсан 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық Ява аралында тропикалық нөсерден көшкін пайда болып, Банджарнегара ауылындағы жүзден астам үйді бұзды, деп жазады Би-би-си.
Үш адамның қаза болғаны анықталған, алайда тағы 108-і із-түзсіз жоғалған және олардың аман қалу мүмкіндігі аз.
375 адам қауіпсіз ауданға көшірілді.