Айта кетейік, бұдан бұрын Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден жария еткен құжаттарда Австралия арнайы қызметтері Индонезия басшылығына тыңшылық жасағандығы атап өтілген еді.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, Юдойоно аталған әрекет әшкере болғаннан кейін Канберрамен елінің қарым-қатынастарын қайта қарауға дайын екенін сөз етті. Джакарта дүйсенбіде Канберрадан елшісін қайтарып алды.
Өз кезегінде Эбботт президентке келтірілген алаңдаушылық үшін шын ниетпен өкініп отырғандығын мәлім еткен.