Ресми мәлімет бойынша, сенбі күні Индонезия жағалауында болған цунами салдарынан 281 адам қаза тауып, тағы 57 адам із-түссіз жоғалды. 3 мыңнан астам адам зардап шеккен, бір мыңнан астамы қауіпсіз жерге көшірілді. Дүлей апат болған жерлерде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Индонезия президенті цунамиді нақты болжау өте қиын екендігін айта келе, 2019 жылдың басында елде цунами болатынын ескертетін жүйенің барлық элементтері тексеріліп, жетілдірілетініне уәде етті.