Индонезия сүңгуірлері AirAsia ұшағының «қара жәшігін» тапты
21:19, 11 Қаңтар 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық сүңгуірлер Ява теңізінің түбінен 2014 жылы 28 желтоқсанда апатқа ұшыраған AirAsia компаниясы ұшағының «қара жәшігін» тапты, деп хабарлайды ТАСС.
Бірақ олар прибор А320-200 лайнерінің ірі сынықтарының астында жатқандықтан оны жоғарыға көтеріп шығара алмаған.