Индонезияға жақын маңдағы Галмагера мен Сулавеси аралдарының арасында магнитудасы 7,1 балл жер сілкінді. Жергілікті билік цунамидың болу қаупі жайлы ескертті.
Жер сілкінісінің ошағын Тернате қаласының солтүстігінде, Галмагера және Сулавеси аралдарының ортасында тіркеген. Әзірге зардап шеккендер мен қирандылар жөнінде мәлімет жоқ.